

«Аудандық жұмыспен қамту бөлімі мен салаға жауапты әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында өзара байланыс жоқ. Себебі, біз тексерген ғимараттарда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалғанымен, олар белгілі талаптарға сай келмейді. Пандус биіктіктігі дұрыс емес. Оған өзге адамның көмегінсіз кіру оңай емес. Яғни, мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықты жағдай жасауға қауқарымыз жетпей отыр, оны жөндеуге қаражат бөлу қажет», - деді Кеңес мүшесі, Батыс Қазақстан мүгедектер ерікті қоғамының төрағасы Жұмажан Қожажанов.


