50503
Түркістанда 74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап кетті (ВИДЕО)
Түркістанда 74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап кетті (ВИДЕО)

Түркістанда 74 жастағы әйел лифт шахтасына құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 13 тамыз күні сағат 19:18-де Жаңа қала шағынауданындағы 11 көшеде орналасқан 6/12 үйде болды. Жөндеу жұмыстарына байланысты лифтінің кабинкасы бесінші қабатқа тоқтатылған. 1949 жылы туған зейнеткер Қ. Ахметова 3-қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен.
«Жөндеу жұмыстарына байланысты есіктердің барлығы жабылған болатын. Ал зардап шегушінің есікті қалай ашып алғаны тексеріліп жатыр», - деді Түркістан қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаев.