«Оңтүстік циклон Қазақстанға тұрақсыз ауа райы жағдайын алып келеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстікте, орталығында түнде және таңертең тұман түседі», - делінген хабарламада.Республиканың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде күн ашық болады деп болжануда. Атырау облысының оңтүстік-батысында 12-13 тамызда 42 градусқа дейін ыстық болады. Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарында күн суытып, ауа температурасы 12-20 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-шығысда ауа температурасы 20-28 градус аралығында болады.
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 12-13 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады.