Үш күнде үз жүзге жуық қару тәркіленді

Үш күнде үз жүзге жуық қару тәркіленді

Үш күнде үз жүзге жуық қару тәркіленді
ашық дереккөзі
320
Алматы облысында Азаматтық қару айналымына бақылауды күшейту мақсатында «Қару» алдын алу шарасы өтуде. Үш күн ішінде жүзге тарта атыс қарулары тәркіленді. Полиция қызметкерлері тіркелген қару иелерін тексеріп, заңсыз сақтау фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қару» алдын алу шарасы барысында айналымнан 97 қару алынды, олардың 8-і заңсыз айналымдағы болып отыр. Тіркелген қаруы бар мыңға тарта азамат тексеріліп, сақтау, тіркеу және қайта тіркеу талаптарын бұзған 92 адам жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, криминалдық полиция қызметкерлері үстіміздегі жылдың басынан бері тіркелген 12 қаруды тексеру барысында, олардың ұрланғанына қатысты 3 фактіні анықтады», - делінген Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Айта кетерлігі, полиция қызметкерлері профилактикалық шара барысында 21 жастағы азаматты да құрықтаған. Бұған дейін оған қару ұрлады деген күдікпен Іле ауданның құзырлы органы іздеу жарияланған.

Серіктес жаңалықтары