50414
Нұрлан Мәсімовке сот үкімі шығарылды
Нұрлан Мәсімовке сот үкімі шығарылды
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов, оның орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евковичтің қылмыстық ісі бойынша сот процессі аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Сот үкімімен Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталды.
Нұрлан Мәсімовке аса ірі көлемде пара алды, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденді немесе талан-таражға салды. Павлодар облыстық полиция басқармасының экс-басшысы да мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өтті деген айып тағылды.
Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы ҚР ҚК-нің 366-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы, 189-бап 4-бөлігінің және 392-бабы 1-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, кінәлі деп танылсын. Сондай-ақ екінші дәрежелі "Айбын" орденінен және полиция генерал-майоры арнаулы атағынан айырылсын, - деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.Айыптау қорытындысы бойынша, 2020 жылдың сәуір айында Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы болған Нұрлан Мәсімов өзіне арнап Алматы облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында екі қабатты коттедж салған, сондай-ақ оның отбасы тұрған Алматыдағы үйде монша мен демалыс бөлмесін жабдықтап, жертөле қабатын жөндеген. Бұл жұмыстарды тағы бір сотталушы - кәсіпкер Евгений Евкович жүзеге асырған. Ол өз еңбегі үшін Павлодар полициясына арнап артехқұрылымды салу үшін мемлекеттік сатып алуда жеңіске жетуді көздеген. Еске салсақ, прокурор бұған дейін Мәсімовке 13 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Прокурор Павлодар полициясы бастығының бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовті 11 жылға бас бостандығынан айыруды, кәсіпкер Евгений Евковичтіңавтокөлігін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.