Жауын, жел, бұршақ: 10 тамызға арналған ауа райы болжамы

Жауын, жел, бұршақ: 10 тамызға арналған ауа райы болжамы

Жауын, жел, бұршақ: 10 тамызға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
50623
Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 10 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. Оңтүстік циклонмен атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл соғады. ҚР батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша екпінді жел күтіледі. Батыста түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35-42°С қатты ыстық сақталады. Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Жетісу, Абай облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары