Пойызда қайтыс болған баланың анасы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Пойызда қайтыс болған баланың анасы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Пойызда қайтыс болған баланың анасы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50317
Лагерьге «Атырау-Астрахань» бағытында пойызда бара жатып, қайтыс болған баланың анасы мәлімдеме жасады деп, хабарлады turkystan.kz. Анасы Тамара Цаплинаның видеосын қоғамдық белсенді Сандуғаш Кукенова Facebook-тегі парақшасында жариялады.
«Кеше пойызда Святослав Цаплиннің қайтыс болуы дерегі бойынша жағдайды білдік. «Атырау - Астрахань» темір жол бағыты бойынша «Қазақстан геологы» санаториясына (Железноводск) жолға шыққаннан 1,5 сағаттан кейін балалардың біреуі өзін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырылған. «Нарын» станциясына келген жедел жәрдем баланың қайтыс болғанын анықтады. Анасы Тамара Цаплинаға көңіл айтып, Святославтың бала кезінен ауырғанын естідік» деп жазды ол.
13 жасында көз жұмған Святослав Цаплин бала кезінен сырқаты болғаны белгілі болды.
«Халық ұлымды тамақтан уланып көз жұмды деп жатыр. Шын мәнінде олай емес. Ұлымның сырқаты бар болатын. Бала кезінен тамырлары өте әлсіз болғандықтан, өздігінен жарылып кеткен. Көмек көрсетіп жатқан облыс, қала басшылығына ризамын! Бұл жағдай кез келген адамның басында болуы мүмкін. Баламның өмірден ерте кеткені өкінішті», - деді марқұмның анасы Тамара Цаплина.
Еске салсақ, №625 «Атырау-Астрахань» бағытындағы пойызда 2010 жылы туған бала көз жұмды.  Ол бір топ қатарластарымен және 4 тәлімгермен бірге лагерьге бара жатқан. Балалар өз тамақтарын жеген. Пойыз жолға шыққаннан кейін 1,5 сағат өткенде бала өзін жайсыз сезінген.

Серіктес жаңалықтары