50316
Шетелде коронавирустың жаңа штамы анықталды
Шетелде коронавирустың жаңа штамы анықталды
Үндістанда коронавирустың жаңа түрі анықталды. Eris деп аталатын (EG.5.1) жаңа штамм Ұлыбритания тұрғындары арасында алаңдаушылық туғызды, деп хабарлады The Economic Times.
Коронавирустың геномдық вариацияларын бақылау үшін құрылған Үндістанның SARS-CoV-2 геномика консорциумы жаңа штамм жұқтырғандар бар екенін, бірақ алаңдайтын ештеңе жоқ екенін атап өтті.
«ХВВ коронавирусының нұсқасы Үндістанда басым штамм болып қала береді. Қазіргі уақытта ол бұған дейінгі барлық жағдайлардың 90-92%-ын құрайды. Мысалы, Омикроннан шыққан 5.1 штамы алғаш рет өткен айда Ұлыбританияда анықталды және қазір бүкіл ел бойынша таралуда. Мониторинг жүйесі жақсы жұмыс істейді, өйткені біз жаңа штамдарды анықтай алдық», - деді Үндістанның коронавирустық аурулар геномикасы консорциумының мүшесі.Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде елде коронавирус жұқтырғандардың жаңа саны 54-ке жетті, белсенді жағдайлардың саны - 1 574. Вирустан қайтыс болғандар саны 531 918 адамды құрады.