Риддердегі жылу орталығының дайындығы 40% құрайды – AMANAT

Риддердегі жылу орталығының дайындығы 40% құрайды – AMANAT

Риддердегі жылу орталығының дайындығы 40% құрайды – AMANAT
ашық дереккөзі
50225
Алдын ала деректер бойынша, бүгінде «Риддер ЖЭО» АҚ-ның дайындығы 40% құрайды, жұмыс кестесінен артта қалу орын алған жоқ. ЖЭО-дағы алты қазандықтың төртеуін 20 қыркүйекке дейін іске қосу жоспарланып отыр. Жақында «AMANAT» Партиялық бақылау комитетінің жұмыс тобы бақылау жүргізу үшін жылу электр орталығына барды. Партиялықтар жөндеу-қалпына келтіру жұмысының барысымен танысты. Қазіргі уақытта нысанда 11 мердігер ұйымнан 400-ге жуық адам жұмыс істейді. Барлық қажетті материал мен жабдықтар бойынша «Қазмырышмашқа» және шетелге тапсырыстар берілді.  width= Партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Майра Айсина атап өткендей, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – «AMANAT» сайлауалды бағдарламасының басымдықтарының бірі.
«Ондаған жыл бойы қордаланған бұл мәселе қазір шұғыл әрекет етуді талап етеді. Екібастұз, Риддер, Петропавл қалаларында орын алған апаттар бұл жағдайдың кейінге қалдыруға болмайтынын және жүйелі түрде шешуді қажет ететінін көрсетті. Мәжілісте біздің депутаттар жылу энергетикасы саласын реттейтін бірыңғай салалық заңды қолға алды. Ал партиялық бақылау бекеттері еліміздегі аса маңызды энергетикалық нысандардың жөндеу жұмысының барысына қоғамдық қадағалауды қамтамасыз етеді», - деді ол.
Мұндай бекет Риддер ЖЭО-да жұмыс істеп тұр. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Рыбаковтың айтуынша, депутаттар арасында энергетиктер, құрылысшылар бар, олар кестенің орындалуын және жөндеу-қалпына келтіру жұмысының сапасын бақылайды.
«Техникалық білімі бар депутаттардың тізімі анықталды. Олар қоғам белсенділерімен бірге қауесеттерді жоққа шығарып қана қоймай, ең алдымен істің қалай жүріп жатқанын өз көзімен көру үшін келеді», – деді ол.
Партиялықтар ЖЭО-дағы қалпына келтіру жұмысынан бөлек, жылу трассасындағы жұмыс кестесін де тексерді. Осылайша, жалпы ұзындығы 130 шақырым болатын қалалық жылу жүйесінің 2,5 шақырымнан астамы жөнделді. Мердігерлер 20 қыркүйекке қарай жылу трассасы жылыту маусымына дайын болатынына сендірді. Мердігер магистральды төсеу жұмысын 29 мамырда бастады және осы айда аяқталады. Қазіргі уақытта ұзындығы 500 метр болатын учаскелердің бірінде ауа сығымдау жүргізіліп, толығымен толтырылды. Жалпы, 1934 метр жылу желісіне күрделі жөндеу жүргізілді. Партиялық бақылау комитетінің ақпараты бойынша, бүгінде елімізде жылу энергиясын өндіру секторында 37 ЖЭО жұмыс істейді. Оның 15-і мемлекеттік меншікте және әртүрлі қуаттылықтағы 2 500-ге жуық қазандық бар.  width= 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ЖЭО құрал-жабдықтары 66%-ның тозығы жеткен. Әсіресе, жылу желілерінің ең жоғары тозу көрсеткіші (60%-дан астам) Павлодар (82%), Қарағанды (68%), Абай (68%) және Шығыс Қазақстан (66%) облыстарында орын алып отыр.  width= Еске сала кетейік, бұған дейін Партиялық бақылау комитетінің отырысы барысында «AMANAT» мүшелері жылыту маусымына дайындық жұмысын үзгені және жылыту маусымын өткізу барысында жіберілген олқылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеуді ұсынған болатын. Энергетика министрлігіне де тиісті ұсыныстар берілді.  Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, ведомство жылумен жабдықтау саласынан білікті мамандардың кетуі мен тапшылығына жол бермеу үшін шаралар кешенін әзірлеуі қажет. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қолданыстағы жылу желілерінің тозуын азайту үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітуі тиіс.

Серіктес жаңалықтары