Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты құрғақшылық болады

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты құрғақшылық болады

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты құрғақшылық болады
ашық дереккөзі
50289
Тамыз айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ылғал нормаға жақын болады, деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Қазгидрометтің мәліметінше, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Қызылорда облысының Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласында, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Жамбыл облысының Қордай, Жуалы аудандарында, Тараз қаласының маңында, Түркістан облысының Жетісай, Қазығұрт, Арыс, Отырар, Созақ және Сарыағаш аудандарында және Түркістан қаласында, Қостанай облысының Арқалық қаласында және Қарағанды қаласының маңында орташа құрғақшылық болады. Қатты құрғақшылық: Қостанай облысының Амангелді және Жангелді ауданында; Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында; Қызылорда облысының Қармақшы ауданында болуы ықтимал. Батыс Қазақстан облысының Қазталов және Тасқала аудандарында сәл ғана ылғал болады.

Серіктес жаңалықтары