Партиялық бақылау: Түркістан облысында тозығы жеткен қазандықтар жаңартылуда

Партиялық бақылау: Түркістан облысында тозығы жеткен қазандықтар жаңартылуда

Партиялық бақылау: Түркістан облысында тозығы жеткен қазандықтар жаңартылуда
ашық дереккөзі
50223
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Түркістан облысы Кентау қаласында орналасқан №5 жылу энергия орталығына барды. Ол қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқан қазандықтың жұмысымен танысты. 92% тозығы жеткен сервис орталығында бүгінде 4 қазандық жөнделіп, тағы 4 қазандықтың қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. 80 жылдық тарихы бар жылу беру мекемесі Кентау қаласындағы қуаттылығы 100 Гкал/сағ. бірегей орталық болып саналады. Осыған дейін орталықтың тозуына байланысты, қазандықтарды, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларды қайта жаңғырту жұмысы жоспарланған. Оның сметалық құны – 13,7 млрд теңге.  width=
«8, 9, 10, 11 қазандықтарды жаңғырту жұмысы 30 қазанда аяқталады. Стансаның тозығы жеткендіктен, апаттық жағдайлар орын алуы мүмкін еді. Жылу орталығын қайта жаңғырту жұмысы аяқталғаннан кейін, тұтынушылар сапалы әрі тұрақты жылумен қамтамасыз етіледі», - деді Серік Симтиков.
Бүгінде қазандықтарды демонтаждау жұмысы жүргізіліп жатыр.  Дайындық жұмысын жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқтау жоспарлануда. Бұған қоса, 6,6 шақырым магистральды жылу желілері мен 4 насостық стансаны қайта жаңғырту үшін биыл 3,8 млрд теңге бөлінді. №5 жылу энергия орталығында партиялық бақылау бекеті ашылды. Оған жауапты депутат бекітілді. Жағдай тұрақты бақылауда.  width=

Серіктес жаңалықтары