50221
Павлодарда бүлдіршіндерді желкелеп, ұрған тәрбиешілер жұмыстан қуылды
Павлодарда бүлдіршіндерді желкелеп, ұрған тәрбиешілер жұмыстан қуылды
Павлодарда бүлдіршіндерге дөрекілік танытқан оңалту орталығының қызметкері қызметінен босатылды. Ал тәрбиеші уақытша жұмыстан шеттетілді. Олар балаларды желкелеп, тіпті шапалақпен ұрған, деп хабарлады turkystan.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
«Самал» оңалту орталығындағы тәрбиешілердің дөрекілік танытатынын ата-аналардың бірі әшкерелеген. Келіншек екі жасар баласының денесі көгергенін және соңғы кездері мінезі өзгергенін байқапты. Мекемеге шағымданғанымен, қызметкерлер баланың ойнап жүріп денесін абайсызда көгерткен деген. Оған сенбеген әйел бейнебақылау камераларын көрсетуді талап еткен екен.
Бірнеше күн бұрын түсірілген бейнежазба кадрларында тәрбиешінің балаларды жұлқылап, кейбірінің бетінен шапалақпен ұрып жатқаны анық көрінеді. Қазір осы оқиғаға қатысты полиция іс қозғады.
«Балалардың өміріне қауіп төндіріп, қоластындағылардың жұмысын бақыламағаны үшін орталық басшысына әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан уақытта «Тамшылар» бөбекжай тобының тәрбиешісі жұмыстан шеттетілді. Ал балаларға қол көтерген көмекшісі жұмыстан қуылды», – деп мәлімдеді Павлодар облыстық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Гүлнәр Үзденбаева.https://youtu.be/ZREmyqvr_I8