Науқастар АИТВ жұқтырған: Бас прокуратура барлық аурухананы тексеруді тапсырды

Науқастар АИТВ жұқтырған: Бас прокуратура барлық аурухананы тексеруді тапсырды

Науқастар АИТВ жұқтырған: Бас прокуратура барлық аурухананы тексеруді тапсырды
ашық дереккөзі
50230
Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 118-бабының 3-бөлігі (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде, деп хабарлады turkystan.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Қазақстанда соңғы 10 жылда медициналық мекеме жағдайында вирусты жұқтыру алғаш рет тіркелді. Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу мақсатында Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрлігіне стационарлық, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ведомстволық бағынысты медициналық мекемелерде кешенді тексерулер жүргізу туралы талап жіберді. Бірінші кезеңде 549 медициналық мекемені тексерулермен қамту жоспарлануда. Бұл мәселе - Бас прокурордың ерекше бақылауында.

Серіктес жаңалықтары