50840
«JASA kids» жобасы балалар үйінің 100 тәрбиеленушісіне саяхат ұйымдастырды
«JASA kids» жобасы балалар үйінің 100 тәрбиеленушісіне саяхат ұйымдастырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайының екінші отырысында «...Балалар мен жасөспірімдер негізінен әлеуметтік желілерде тәрбиеленеді. Егер біз балаларға бағыт-бағдар бермесек, оларға дұрыс жолды көрсетпесек, бұл өте қауіпті үрдіске айналуы мүмкін....» деді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Жаса Одағы» қоғамдық қоры балалар үйінің тәрбиеленушілеріне саяхаттауға, оқуға, коммуникацияға орнатуға және қоршаған әлемді тануға бірегей мүмкіндік беріп жүр.
Қоғамдық қордың негізінде құрылған «JASA kids» және «FunDARAising» әлеуметтік жобалары 30 шілде мен 8 тамыз аралығында Алматыда СҚО, Павлодар, Қарағанды және Тараз қалаларындағы балалар үйлерінен 100 бүлдіршінге саяхат ұйымдастыруда.
«Біз балаларда сұлулыққа деген сүйіспеншілікті, табиғатты білуге, қорғауға және қоғамның игілігі үшін жұмыс істеуге деген ұмтылысты тәрбиелейміз. Біздің негізгі миссиямыз – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың сыни ойлауын әлеуметтендіру және дамыту. Мен бақытты балаларды көргенде әлем мейірімді болатынын көремін. Біз қайырымдылықтың сәнге айналғанын қалаймыз, ал адамдар қоғамның игілігі үшін саналы түрде көмектескенін қалаймын», - деді «Жаса одағы» ҚҚ директоры Денис Лукянчук.Ұйымдастырушылар бұл жобаны тұрақты түрде жүзеге асырып, Қазақстандағы балалар үйі институтын кезең-кезеңімен жоюды көздейді. Әр баланың қоғамда өз орнын табуы басты қалаулары екендігін айтады. Қазақстанның оңтүстік астанасында болған он күн ішінде балалар қаламен, көрікті жерлермен және оның жоғары оқу орындарымен (ҚБТУ, АЭжБУ,ХАТУ) танысады. Сондай-ақ, олар Шымбұлаққа барып, Қапшағайда желкенді қайықпен жүзіп, Көк-Төбеге көтеріліп, таулардағы лагерьде қонады. Одан бөлек, балаларға робототехника, бағдарламалау, мақсат қою, қаржылық сауаттылық бойынша түрлі шеберлік сыныптары қарастырылған. Жобаның FunDARAising жобасының демеушілерінің және «километрлер жақсылық» қайырымдылық акциясының қаражаты мен көмегімен жүзеге асырылуда. Айта кетейік, «Жаса Одағы» қоғамдық қоры 2022 жылдың мамыр айында құрылды.