Дзюдодан Еуропа кубогінде ел құрамасы 10 медаль алды

Дзюдодан Еуропа кубогінде ел құрамасы 10 медаль алды

Дзюдодан Еуропа кубогінде ел құрамасы 10 медаль алды
ашық дереккөзі
50230
Қазақстан құрамасы 29-30 шілде күндері Германия астанасы Берлинде жастар арасындағы Еуропа кубогіне қатысты, деп хабарлады turkystan.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ақпаратына сәйкес, екі күнге созылған байрақты бәсекеде ел құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде 1-орынға тұрақтады. Алтын медаль Аман Бақытжан (60 кг) Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг) Максим Мейірлан (81 кг) Күміс медаль Нұрайлым Сәрсенбек (48 кг) Аружан Ережепова (52 кг) Жалғас Хайрулла (81 кг) Құдірет Досымов (90 кг) Карина Такиева (+78 кг) Қола медаль Жанарыс Рахметқали (66 кг) Нұржан Бисенов (81 кг) Айта кетсек, Еуропа кубогіне 29 елден 300-ге жуық жас татами шеберлері қатысты.

Серіктес жаңалықтары