50268
Алматыда қаза тапқан әйелдің отбасына екі бөлмелі пәтер беріледі
Алматыда қаза тапқан әйелдің отбасына екі бөлмелі пәтер беріледі
«Ақкент» тұрғын кешенін салушы компания қаза тапқан Әсел Бекмұхамбетованың отбасына екі бөлмелі пәтер береді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ақкент» тұрғын үй кешенін салған «Ayt housing Complex» ЖШС қаза тапқан әйелдің отбасына өтеусіз негізде екі бөлмелі пәтер береді.
«Компания атынан Әсел Бекмұхамбетованың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Марқұмның әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деп хабарлады құрылыс компаниясынан.«Ayt housing Complex» құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев компания өрт шыққан үйді қалпына келтіретінін атап өтті.
«Біз өз бастамамызбен үйді қалпына келтіру шығынын мойнымызға алуға дайынбыз», - деді ол.Белгілі болғандай, отқа оранған үйді аталған компания салған. Көппәтерлі тұрғын үй 2017 жылы пайдалануға берілді.
«2020 жылдың қаңтарына дейін бұл үй бос тұрды. «Ayt housing Complex» ЖШС бұл үйдің тапсырыс берушісі және меншік иесі емес. Бұл үйге тұрғындар тек 2020 жылы қоныстанды, үйдің иесі жаңарды. Аталған тұрғын үй кешенінде қызмет көрсететін басқару органы - «Ақкент ТК» МИБ (ОСИ). Өткен жылдың наурыз айында МИБ «Ayt Facility Management» ЖШС атынан басқарушы компаниямен шарт жасасты, оның директоры - Г.С. Маженов», - делінген «Ayt housing Complex» ЖШС баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Лифтілерге келетін болсақ, бұл тұрғын үйде Mitsubishi лифтінің бренді 2015 жылдан бастап жұмыс істейді, тіркеу нөмірі L15-269 және L15-270. «АГ МЕЛЬКО Элеватор Казахстан Компани» ЖШС лифт компаниясы қызмет көрсетеді. Лифтілерді соңғы техникалық куәландыру 2023 жылдың 27 шілдесінде жүргізілді.