Жасөспірім алматылық қарияны видео үшін соққыға жыққан

Жасөспірім алматылық қарияны видео үшін соққыға жыққан

Жасөспірім алматылық қарияны видео үшін соққыға жыққан
ашық дереккөзі
50320

Алматыда жасөспірім видео үшін көшедегі егде адамды ұрған, деп хабарлады  turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жігіттің қарт кісіге жақындап, бетінен бірнеше рет ұрғаны, содан кейін ер адам жерге құлап түскен видеосы пайда болды. Мұның бәрін тағы біреуі видеоға түсіріп тұрған.

Алматы полициясы деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөліміне тіркеп, тергеп жатқанын хабарлады.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен 2007 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді полицейлер.

Серіктес жаңалықтары