Алматы әкімі өрттен қайтыс болған әйелдің отбасына көңіл айтты

Алматы әкімі өрттен қайтыс болған әйелдің отбасына көңіл айтты

Алматы әкімі өрттен қайтыс болған әйелдің отбасына көңіл айтты
ашық дереккөзі
50417

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бекмұхаметовтер отбасына көңіл айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қайрат Жармұхамедұлы мен Жұмагүл Жұмашқызы, сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі сіздер үшін ғана емес, барлық алматылықтар үшін орны толмас ауыр қайғы. Туған баласынан айырылу - ата-ана үшін өте ауыр. Орны толмас ауыр қазада сіздерге сабыр мен төзімділік тілеймін. Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін»,- деді Алматы әкімі.

Ерболат Досаев оның толық сауығуы үшін барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін 16 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлаған едік.

Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді.

31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілген болатын.

Кейін Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

Өрттен зардап шеккен тұрғындар тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етілді.

Серіктес жаңалықтары