50254
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры тағайындалды
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры тағайындалды
«Самұрық-Қазына» АҚ дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры болып Салтанат Сәтжан тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz қорға сілтеме асап.
Салтанат Ермолқызы 1989 жылы 24 сәуірде дүниеге келген.
«Болашақ» бағдарламасымен Австралия ұлттық университетін бітірген, экономика бакалавры.
Сертификатталған және дипломы бар бухгалтерлер қауымдастығының (АССА) құрметті мүшесі, CFA II дәрежесі бар.
Warwick университетінде MBA кандидаты.
Big4 компаниялары мен «Самұрық-Қазына» қорындағы қаржы, аудит және экономикалық талдау саласындағы жұмыс тәжірибесі 12 жылдан асады.
2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Салтанат Сәтжан «Самұрық-Қазына» АҚ жиынтық-талдау жұмысы және Бақылау департаментін басқарып келді.