ТЖД күшімен баспалдақ арқылы 250-300 адам эвакуацияланды, үш тік саты мен үш автомат саты арқылы 40 адам құтқарылды.
Өрт сағат 18:46-да оқшауланып, көп ұзамай, толығымен сөндірілді.
Оқиға орнында қалалық ТЖД күштері мен құралдары сапынан 50 адам және 14 техника жұмыс істеді, оның ішінде 3 автосаты бар.
Еске сала кетейік, біз бұған дейін 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік.
Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді. 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілді.