Қарағандыдағы бала өлімі: 12 медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді

Қарағандыдағы бала өлімі: 12 медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді

Қарағандыдағы бала өлімі: 12 медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді
ашық дереккөзі
50732

Қарағандыда балалар жаппай уланған орталықтың басшысы мен бірнеше қызметкері қызметінен босатылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазір бүкіл күш-жігер зардап шеккен балалардың денсаулығын қалпына келтіріп, жақсартуға бағытталған. Дәрігерлер бар мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Әрине, аталған жағдай бойынша сұрақ көп, оның жауабын тергеуден кейін береміз. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ, қылмыстық іс қозғалды. Орталықтың директоры міндетін атқарушы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді», - деді Ермағанбет Бөлекпаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, орталыққа басқа медициналық мекемеден мамандар тартылды.

Айта кетейік, Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улану дерегі тіркелді.

Серіктес жаңалықтары