50245
Астанада парашютпен секірген ер адам көз жұмды
Астанада парашютпен секірген ер адам көз жұмды
Астанада парашютпен секірген 58 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 31 шілдеде болған.
Алматы ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне көпсалалы қалалық ауруханадан науқастың реанимация бөлімінде қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. 58 жастағы ер адамды жедел жәрдем бригадасы Астана - Көкшетау тасжолында орналасқан парашют клубынан алып кеткен, - дейді ведомстводағылар.