Қызылорда облысында банктен 600 млн теңге ұрланған

Қызылорда облысында банктен 600 млн теңге ұрланған

Қызылорда облысында банктен 600 млн теңге ұрланған
ашық дереккөзі
50323
Қызылорда облысында банк қызметкері 600 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен. Ұрлық фактісін Қаржы мониторингі агенттігінің өңірлік департаменті тергеп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, банк қоймасындағы қаражатты тексеру барысында 602 900 000 теңге жетіспейтіндігі анықталған. Контроллер-кассир шамамен 1 000 000 теңгеден 4 000 000 теңгеге дейін ақшаны бөлшектеп, кассадан ұрлағаны анықталды.
«Банктің 2021-2023 жылдар аралығындағы бейнебақылау камераларының жазбалары тәркіленді. Онда кассадан оралған ақшаны халаттың жеңіне салу арқылы ұрлау фактілері тіркелген. Күдікті жасаған қылмыстық құқықбұзушылықты толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында букмекерлік кеңседен оның атына тіркелген шотынан ақпарат алынып, кейінгі 3,5 жылда есепшотқа 158 млн теңге түскені анықталды», - делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.
Сонымен қатар оның атына және жұбайының атына тіркелген абоненттік нөмірлерден букмекерлік кеңселердің есепшотына ақша аудару бойынша операциялар жүргізілгені туралы ақпарат үсті.  Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары