50642
«Жер аманаты»: Меңдіқара ауданында ауыл тұрғындарының өтініші орындалды
«Жер аманаты»: Меңдіқара ауданында ауыл тұрғындарының өтініші орындалды
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Введенка ауылының тұрғындары «Жер аманаты» өңірлік комиссиясы төрағасына мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне шағымданып, тұрғындарға жеке мал жаю үшін жайылымдар беруге көмек көрсетуін сұрады, деп хабарлады turkystan.kz.
Аталмыш өтініш 16 маусым күні «Жер аманаты» мен партиялық бақылау комиссияларының бірлескен отырысында қаралды. Нәтижесінде мәселе оң шешімін тапты. «Олжа-Боровское» ЖШС келісім жасасу арқылы Введенка ауылының тұрғындарына мал жайылымына 488 гектар жер берді.
Отырыс қорытындысы бойынша, бұрын жол берілген заңбұзушылықтар үшін «AMANAT» партиясы Жарғысының 3-бөлімі 3.8-тармағына сәйкес партия мүшелеріне, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасарына және Введенка ауылдық округінің әкіміне «ескерту» партиялық жазасы жарияланды.
Айта кетейік, ауыл тұрғындары «Жер аманаты» партиялық жобасы шеңберінде ауылшаруашылық жерлеріне қол жеткізуге мүмкіндігі бар.
Жер мәселесін жедел шешу үшін және барлық заң бұзу фактілері туралы «AMANAT» партиясының «Жедел желі» 8 800 080 44 41 телефон нөмеріне хабарлауға болады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +77008004441 нөмірі бойынша қабылданады.