Т.Шарманов: "Қымыз - тәңір ұсынған сусын"

Т.Шарманов: "Қымыз - тәңір ұсынған сусын"

Т.Шарманов: "Қымыз - тәңір ұсынған сусын"
ашық дереккөзі
477
Дүкенде сатылатын зауыттың сары майы мен энергетикалық сусындардан мүлде бас тарту керек. Бұл пікірді «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының жанынан құрылған клубтың отырысында «Тағамтану» академиясының президенті Төрегелді Шарманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жуырда Ресей ғалымдары нарықтағы сары май өнімдерінің 90 пайызы сиыр сүтінен жасалмағанын мәлімдеді. Бұл енді өте қауіпті мәлімдеме. Зауытта жасалған сары майдың құрамында пальма майы, токсиндік заттар бар. Сондықтан, зауытта жасалған сары майды сатып алу арқылы өз өміріңізге қауіп төндіретініңізді білген дұрыс», - деді Т.Шарманов. Академик өз баяндамасында энергетикалық сусындардың да зиян екенін атап өтті. «Сантехниктер мен автокөлік жөндеуші мамандар техникалық құралдарды жуу үшін пайдаланатын зиянды өнімді халықтың қалай тұтынатындары түсініксіз. Құрамындағы қанттың мөлшері шамадан тыс, түрлі бояулар, химикиаттарға толы газбен жасалатын энергетикалық сусындарды ақсүйек адамдар ішпейді», - дейді ол. Оның айтуынша, энергетикалық сусындарды бие сүтімен алмастырған дұрыс. «Мен көпшілікке бие сүтін ішуді ұсынамын. Бие сүті адам ағзасының әлеуетін жоғарылатады. Оның құрамында ағзаға зиянды өнімдер жоқ. Бие сүтін «Тәңір ұсынған сусын» деп айтар едім», - деді академик.    

Серіктес жаңалықтары