50298
«Әкімдер үйренсін»: қазақстандық сәулетші екі елдің жолдарын салыстырды (ВИДЕО)
«Әкімдер үйренсін»: қазақстандық сәулетші екі елдің жолдарын салыстырды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде астаналық сәулетші Аманжол Баймұхамбетовтің Қазақстан мен Оңтүстік Кореядағы жолдарды салыстырған ролигі қызу талқылануда, деп хабарлады turkystan.kz.
«Сеулде бірінші рет болғанда, құрылыс жұмыстарының сапасы жоғары екенін бірден байқайсыз. Корея қаншалықты бай болса да, жыл сайын тротуарлар мен жиектерді ауыстыруды, көшелерді үнемі жөндеуді құп көрмейді. Барлық жұмыстар сапалы және ұзақ уақытқа дейін жарамды. Қалада сынған тротуар тақтайшаларын немесе қисық жиектерді табу өте қиын», - деді ол өз бейнесінде.Аманжол Сеул ортасындағы әр детальдарға да назар аударды.
«Мұнда әдеттегі инженерлік люктер осылай көрінеді. Плитка тігістерінің қалай реттелгенін қараңыз. Мұндай жұмысқа қарап тұрудың өзі бір ғанибет», - деп қосты ол.Содан кейін ол Астанадағы люктерді көрсетіп, құрылысшылар қалай болса солай жасайтынын атап өтті.
«Бізде ақшаны жымқыру үшін, әдейі осылай жасалады. Мұндай көрініс Астанада ғана емес, Қазақстан бойынша осындай. Әкімдер көріп үлгі алсын және үйренсін! Егер Корея немесе Еуропадағыдай өмір сүргіңіз келсе, онда ең бірінші үйіңіздің жанын немесе жұмысыңыздың жанын тазалаңыз. Пластик, темекі қалдықтарын, қоқыстарды алып тастаңыз. Аптасына бір рет істеп отырсаңыз да жетеді», - деді ол видеода.
Посмотреть эту публикацию в Instagram