50447
«Талап қойған»: астаналық әйел көпірден секірмек болды (ВИДЕО)
«Талап қойған»: астаналық әйел көпірден секірмек болды (ВИДЕО)

Астанада әйел Министрліктер үйі маңындағы көпірден секірмек болған, деп хабарлады turkystan.kz.
«Әзірге толық мән-жайлар анықталып жатыр. Қазіргі уақытта азаматша Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Мұндай қадамға неліктен барғанын анықтау мақсатында одан сұрақ-жауап алынып жатыр», - деп мәлім етті Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.Кейін оқиға куәгерлері құтқарушылардың әйелді көпірден аман-есен түсіріп алғанын айтып, видео жариялады. Әлеуметтік желілерде көпірге шығып алған әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылған баласын босату талабын қойғаны айтылып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram