50254
Есірткіні Kinder ойыншығына салып өткізбек болған ресейлік ұсталды
Есірткіні Kinder ойыншығына салып өткізбек болған ресейлік ұсталды
Қостанай облысында полиция қызметкерлері «Қайрақ» шекара бекетінде ресейліктен Kinder ойыншығына тығып қойған есірткіні тәркіледі, деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық ПД хабарлауынша, «Қарасора- 2023» жедел алдын-алу шарасы аясында «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде мемлекеттік шекарадан өту кезінде Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қарабалық аудандық полиция қызметкерлері және Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері ресейліктен есірткі заттарын тәркіледі. Ол марихуананы шекарадан Kinder ойыншығына салып өткізбек болған.
Қазір сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінен «Қарасора» жедел алдын-алу шарасы басталғалы бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 10 келіден астам түрлі есірткі затын тәркілегенін хабарлады.