Министр көкшетаулық командаға қатысты жағдайға түсініктеме берді

Министр көкшетаулық командаға қатысты жағдайға түсініктеме берді

Министр көкшетаулық командаға қатысты жағдайға түсініктеме берді
ашық дереккөзі
50222
Мәдениет және спорт министрлігі Көкшетау қаласының «Оқжетпес» клубында болып жатқан мәселелерге назар аударатын болады. Бұл туралы Үкімет кулуарында ведомство басшысы Асхат Оралов айтты.
 «Егер нақты ақпарат қажет болса, оны нақтылайық. Негізгі мәселе неден туындап отыр? Біз облыс әкімдігімен және футбол федерациясымен бірлесіп, техника мен толық алаңдарға қатысты сұрақты реттей аламыз. Менің білуімше, Көкшетауда толық көлемді футбол алаңы болуы тиіс», - деді Асхат Оралов.
Айта кетейік, клубтың ойыншыларына жаттығуға қажетті жағдайлар жасалмаған. Блогер Ержан Аяшевтің айтуынша, команда арнайы ойындарын тиісті стадион жөнделіп жатқандықтан Петропавлда өткізуге мәжбүр. Футболшылар 90 минут ойын үшін күніне 4-5 сағаттан артық жол жүріп барады. Ал жаттығуды футбол алаңына жеткізетін автобус сынып қалғандықтан, көлік тұрақтарында өткізеді.  Сондай-ақ, екі жыл бойы жаңа киім формасы берілмеген және жалақы үнемі кешіктіріледі екен.

Серіктес жаңалықтары