50535
Иран Қазақстанның астығына тәуелді болып отыр
Иран Қазақстанның астығына тәуелді болып отыр
«Азық-түлік корпорациясының» Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев пен ИИР-дің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі ЕО Акбар Джоукар Қазақстан мен Иранның отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бөлігіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлады turkystan.kz worldofnan.kz парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстан Иранға бидай экспортын айтарлықтай төмендетті, өткен жылы көлемі небәрі 15,6 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар, Иран тарапы арпа импортын екі есеге – шамамен 246 мың тоннаға арттырды.
Азық-түлік корпорациясы астық пен арпаны Иранға жөнелтуді бастауды жоспарлап отыр. Қазір әлеуетті серіктестер іріктелуде.
Асылхан Джувашев көлем бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтты, алайда экспорттық әлеуетке Ресей бидайының төмен бағасы қысым көрсетіп отыр, бұл отандық астық трейдерлеріне қиындық туғызады.
Али Акбар Джоукар өз кезегінде екі ел арасындағы саудадағы проблемалар туралы айтты. Оның айтуынша, экспорт пен импортты, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін дамытуға Иранға қарсы енгізілген экономикалық санкциялар мен төлемдерді жүргізудегі қиындықтар кедергі келтіруде.