50335
Үйінде өлі табылған жаттықтырушының қазасы: әріптестері естеліктерімен бөлісті
Үйінде өлі табылған жаттықтырушының қазасы: әріптестері естеліктерімен бөлісті
19 шілдеде Алматыда фитнес жаттықтырушы болған Дамир Туребаевты белгісіз біреу өз пәтерінде атып кеткені жайлы ақпарат тарады. Полиция бұл деректі растады. Марқұм жігіттің бірге істеген әріптестері Дамир жайлы естеліктерін айтты, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Дамир жұмыс істеген залдың әкімшісінің сөзінше, марқұм жігіт, тіпті, энергетик ішпейтін.
Дамирдің қазасы туралы әріптестеріміз чатта жазды. Ал қалай болғаны туралы ақпарат бермеді. Оқиға үйінде болған ғой. Дамирді тек әріптес ретінде танимын. Үнемі позитивті, ешкімді ренжітпейтін, тек күліп жүретін. Ішімдік ішпейтін, тіпті энергетикалық сусын ішпейтін. Өте мейірімді, өте жақсы жігіт еді, - дейді фитнес залының әкімшісі.Жаттықтырушы Жансая Алтынбекова да Дамир жұмыста ешқашан ешкіммен жанжалдаспағанын айтады.
Дамир өте жақсы адам еді. Менің осы жерде істеп жүргеніме 1,5 жылдай болды. Оның жұмыс істеп жүргеніне 6 жылдай болған. Ешқашан жанжал болған емес. Үнемі күліп жүретін, мұңайып жүрген емес. Қолынан келгенше көмектесетін. Неге мұндай жағдай болғанын білмеймін. Қаза туралы жиналыста, басшылықтан білдік. Не болғанын айтқан жоқ. Естіген кезде қатты таңғалдық. Жұмысқа соңғы рет сенбі келді. Тіпті менің клиенттерім Дамирді жақсы көретін, - дейді Дамирдің әріптесі, жаттықтырушы Жансая Алтынбекова.Еске салсақ, 19 шілдеде Алматыда фитнес-жаттықтырушыны атып кеткені хабарланған болатын. Наурызбай аудандық ПБ-мен қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмысты ашу мақсатында тергеу жедел тобы құрылған. Күдіктілер анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Болжам бойынша, оның өліміне танысымен арадағы жанжал себеп болған. 28 жасында қайтыс болған Дамир Төребаев бокстан және жүзуден спорт шеберіне үміткер деген атағы бар. Бірнеше жылдан бері осы Алматыда фитнес жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Әйелімен ажырасқан, 7 жастағы бір баласы бар.