352
Наталья Дементьева: Халықты мазалайтын әлеуметтік мәселелер – бір
Наталья Дементьева: Халықты мазалайтын әлеуметтік мәселелер – бір
Мен Ақмола облысының аудандарына іссапарға шықтым. Іссапар аясында Ерейментау, Целиноград, Шортанды, Ақкөл, Бурабай, Зеренді аудандарын аралап шықтым. «AMANAT» партиясының Жол картасына сәйкес салынатын объектілерді тексердім, соған байланысты туындаған проблемаларды анықтадым. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, халықтың сұрақтарына жауап бердім, мәселелерін тыңдадым, жеке қабылдау өткіздім. Аудандағы мәселелерге қысқаша тоқталсам, барлық ауданға ортақ проблема – су, жайылым, жол мәселесі, жалақы, еңбекпен қамту. Алайда айта кету керек, партияның Жол картасына сәйкес барлық жоспарланған объектілер: мектептер, мәдениет үйлері, әлеуметтік тұрғын үй, жол құрылысы өз уақытында жүзеге асырылып жатыр. Зеренді ауданындағы «Көкше» Визит орталығының орманшы-қызметкерлерімен кездестім. Ерекше таңғалатыным – осында өз ісіне берілген отбасылық династиялар қызмет етеді. Алайда проблема өте көп: қарапайым орманшылардың жалақысы 100 мың теңгеге жетпейді, арнайы киім мен аяқкиімді өз қаражатына сатып алады. Ескі техника, рация, автокөлік жеткіліксіз. Семейде болған қайғылы апат бәрімізге сабақ болуға тиіс. Жақын арада осы мәселе толығымен шешілуі керек. Жергілікті басқару органдарына бұл мәселені жеткіздік. Жергілікті ауыл тұрғындарымен кездескен кезде әртүрлі өзекті проблема көтерілген болатын. Жиі көтерілген, ең өзекті мәселе – тұрғын үй мәселесі, адамдардың «Отбасы банк» арқылы несие ала алмағаны, жұмыссыздық мәселесі. Жергілікті басқару органдарымен барлық мәселелер талқыланып, проблемалардың шешілуі қатаң бақылауға алынды.