341
Жүргізуші куәлігін алу талаптары қатаңдатылмақ
Жүргізуші куәлігін алу талаптары қатаңдатылмақ
Бұдан былай ел тұрғындарына жол ережесін өз беттерінше оқып, емтихан тапсыруға тыйым салынбақ. Депутаттар «Жол қозғалысы туралы» заңға осындай өзгеріс енгізу мәселесін қарастыруда деп хабарлайды КТК арнасы.
"Азаматтарға жүргізуші куәлігін алу үшін жол ережелерін үйде оқуға рұқсат берілгелі жағдай нашарлап кетті. Көлік апаты көбейген. Соңғы 8 айда өз бетінше білім алған 3 мыңға жуық үміткердің тек 20 пайызы ғана емтиханды сәтті тапсырыпты", - дейді мәжіліс депутаты Қанат Мусин. Ішкі істер министрлігі былтыр ғана тұрғындарға ешқандай курсқа бармай-ақ, өз бетімен оқуға рұқсат берген еді. Яғни, жол ережесін жаттап алған соң азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығында емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін ала беретін. Халыөқ қалаулылары заңдағы осы жеңілдікті алып тастамақ. Өйткені бұл норма күшіне енгелі елімізде көлік апаты көбейіп кеткен. Енді жұрт міндетті түрде автомектептерде оқуы тиіс. Сондай-ақ, халық қалаулылары жүргізушілерге көлікті тоқтатқан полицейдің әрекетін видеоға түсуіруге де заң жүзінде рұқсат бермек.