50298
ШҚО-да қос үшем дүниеге келді
ШҚО-да қос үшем дүниеге келді
Шығыс Қазақстан облысында екі отбасы ата-ана болу бақытына ие болып, әрқайсысы бірден үш баламен толықты, деп хабарлады turkystan.kz Денсаулық сақтау министрлігі сайтына сілтеме жасап.
Үш жыл күткеннен кейін Шемонаиха тұрғыны, 28 жастағы Марина Строкань мен оның жұбайы үш баланың ата-анасы болды. Жүктіліктің 34-аптасында жас ананың София, Виктория және Дарья атты қыздары туды. Босану кесарь тілігі арқылы жүзеге асырылды. Бұл – отбасындағы тұңғыш балалар.
«Қыздардың атын әкесі қойды», - деп қуанышымен бөлісті жас ана.Әйел келесі аптада өзін және үшемдерді шығарады деп үміттенеді, өйткені қыздардың әрқайсысы екі келіден салмақ жинады. Ал, Өскемен қаласының тұрғыны Жансая Ахмадиева мен оның күйеуі тоғыз жылға жуық уақыттан бері бала туралы армандаған болатын. Биыл репродуктивті технологиялар мен «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында жас әйел ана атанды. Ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан квотаның есебінен қымбат тұратын ЭКҰ рәсімінен тегін өтті. Ата-анасы жаңа туған үшемдердің есімін Ералы, Ерасыл және Зере деп қойған.
«Ұлдар мазасыз, қазірдің өзінде мінез көрсетеді. Ал, қызым өзіме ұқсайды, салмақты», - дейді үшемнің анасы.Жалпы, жыл басынан бері ШҚО-да үш үшем туған.