«Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылдық округіндегі Чичерино ауылы Сіргелі ауылы болып аталсын. Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауылдық округіне қарасты ҚазССР-нің 40 жылдығы ауылының атауы Әл-Фараби ауылы болып өзгертілсін. Шешімнің орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік қаулысы мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешім-жобасында.Құжат 25 шілдеге дейін көпшілік талқылауында болады.
Түркістан облысында 2 ауылдың атауы қазақшаланады

Түркістан облысында 2 ауылдың атауы қазақшаланады
Түркістан облысындағы Чичерино және ҚазССР 40 жылдығы ауылдарының атауы өзгеруі мүмкін деп хабарлады turkystan.kz.