«Астана бас қала деген атауға лайық болуға тиіс. Астана көркейсе, бүкіл еліміздің еңсесі биік болады. Астана Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі өзгерістерге ұйытқы болуы керек. Жалпы, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігі ұдайы назарда болуға тиіс. Әкімге қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт беремін. Сіздің жұмысыңыз менің бақылауымда болады. Барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бірақ жұмыстың негізгі өзегі – сіздің қолыңызда. Табыс тілеймін», - деді Мемлекет басшысы елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.
Президент Жеңіс Қасымбекке қала ахуалын жақсартуға бір жыл уақыт берді

Президент Жеңіс Қасымбекке қала ахуалын жақсартуға бір жыл уақыт берді
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласы әкімінің жұмысы өз бақылауында болатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.