Аквагримнің бет терісіне әсері

Аквагримнің бет терісіне әсері

Аквагримнің бет терісіне әсері
ашық дереккөзі
50284
Аквагрим – су мен түрлі түсті пигменттерден тұратын косметикалық өнім. Бұл балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық іс-шараларында танымал қызмет түрі. Бет бояуының адам денсаулығына әсері толық зерттелмеген. Алайда жағымсыз салдарлары болуы мүмкін. Сондықтан өнімді толық қолданар алдында әрқашан қолыңызға аллергиялық тест жүргізіңіз. Сатып алғанда және қолданар алдында сыртындағы ақпаратты оқып, келесі белгілердің болуына назар аударыңыз:
  • Өнімнің қауіпсіздігі сертификатталған және МемСТ талаптарына сәйкес болуы тиіс.
  • Өнімнің жарамдылық мерзімін тексеру керек. Мерзімі өткен бет бояуы аллергиялық реакция тудырады
  • Құрамында глицерин, парабен немесе толуол бальзамы сияқты зиянды ингредиенттері бар бет бояуын қолданудан аулақ болыңыз.
Құрамындағы пигменттер табиғи, минералды немесе синтетикалық болады. Әдетте олар қандайда бір майлы заттарсыз суға араластырылу керек. Ондай жағдайда терісі сезімтал немесе тіпті аллергиясы бар адамдар үшін қауіпсіз болады. Сондай-ақ теріге жағу үшін қолданылатын құралдарға да мән беріңіз. Кері жағдайда инфекция жұғу қауіпі бар.

Серіктес жаңалықтары