50227
Абай облысында екі отбасыға баспана сыйға тартылды
Абай облысында екі отбасыға баспана сыйға тартылды
Қоғамда «қайырымдылық министрі» атанып кеткен меценат Дулат Тастекей туған ауылы Абай облысы Ақсуат ауданы Екпін ауылында екі отбасыға 4 бөлмелі үй сыйлады деп хабарлады turkystan.kz.
90 шаршы метрді құрайтын баспана толықтай заман талабына сай жасалынған. Жаңа баспанаға ие болған Абдахов Серикбосын мен Гүлзат Сағымбаева сегіз баланы тәрбиелеп отырған көп балалы отбасы. Ал екінші баспана мүгедектігі бар Тұрғанбек Шакеровке берілді. Ашылу салтанатына Алтынбек Қоразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Ұлықбек Есдәулет сынды ел зиялылары қатысты.
Бұл осынау игі істің алғашқысы да, соңғысы да емес. Себебі, Дулат Тастекей 2016 жылдан бері дәстүрлі түрде мұқтаж жандарға баспана сыйлап келеді. Еліміздегі әр отбасының керегесі кең, шаңырағы бүтін болса, ұлтымыздың да көсегесі көгеретіні сөзсіз.