Еліміздегі тұңғыш этносаясаттанушылар

Еліміздегі тұңғыш этносаясаттанушылар

Еліміздегі тұңғыш этносаясаттанушылар
ашық дереккөзі
841
ЕҰУ Қазақстанда алғаш рет «Этносаясаттану» инновациялық ғылыми-педагогикалық бағдарламасының магистранттарын даяр­ла­ды. Жас ғалымдар этноменеджментті және халықтық дип­ло­матияны зерттеуге бағытталған ғылыми жобаларын жал­ғас­тыруды көздеп отыр. Ұлттық университет жаңа оқу жылында бұл білім беру бағдарламасын докторантура деңгейінде іске қо­сады. 2021 жылы ЕҰУ этносаясаттану ма­гистранттарын даярлауға арнал­ған білім беру бағдарламасын ал­ғаш рет Қазақстанда және Орта­лық Азия­да іске қосты. Екі жылдық оқу жүйе­сін университет оқытушылары бар­лық кәсіби стандарттарға сәй­кес әзірледі. Қазақ, орыс және көп­тіл­ді білім беретін топтар құрылды. Қа­зір 21 адам этносаясат саласын мең­геруде. Олардың төртеуі биыл­ғы жылдың тұңғыш түлектері атан­­ды. «Мамандыққа деген сұранысты ес­керіп, «Этносаясаттану» деген жаңа білім беру бағдарламасын іс­ке қосқан болатынбыз. Орталық Азия университеттерінде оның баламасы жоқ. Бүгінгі таңда бұл са­лада білікті сарапшылар қажет, сая­саттануда аймақтық және эт­носаяси зерттеулер үлкен сұра­ныс­қа ие. Биыл алғашқы этно­саясат­тану­шы-магистранттарымыз уни­верситетімізден қанат қақты. Не­гізінен, аталған білім беру бағ­дар­ламасы бойынша 5 өңірден әр­түрлі ұлт өкілдері оқып жатыр. Бұл эт­носаясаттанушы маманды­ғы­на де­ген сұранысты көрсетеді. Шетел­дік университеттер де кәсіби этно­саясаттанушыларды даярлауға қы­зығушылық танытуда», – деді ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов. «Этносаясаттану» бағыты бойын­ша әлеуметтік ғылымдар ма­гистрі дипломы бүгінгі таңда тү­лектердің мемлекеттік және сая­си басқару құрылымдарында, ғы­лы­ми-зерттеу және талдау ұйым­дарында жұмыс істеуіне кең түрде кәсіби мүмкіндіктер ашады.

Серіктес жаңалықтары