485
Түтінсіз болашақ қалыптастыру - басты мақсат
Түтінсіз болашақ қалыптастыру - басты мақсат
Өндірушілер үшін шектеу саны жиілеп келеді, ал медицина темекінің қаупі туралы жиі айтады. Осы арада екі таптың да мүддесіне ортақ темекі залалын азайтатын, темекінің балама құрылғылары пайда болды. Темекі өндірісі революциялы өзгерістің алдында тұр. Көптеген адамдарға шылымның дәмі ұнайды, теріс қылықтан бірден арылуға тырыспайтындар саны басым, сондықтан әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда қойылға шектеумен қатар шылым шегудің зиянын төмендету алға қойылған.
Токсикология тұрғысынан, адам денсаулығы жанатын заттар, яғни "смола" қауіпті. Егер шылымды жану температурасына дейін қыздырмай пайдаланса, оның қауіпті заттары азаяды. Көпжылдық ғылыми зерттеу нәтижесінде Philip Morris компаниясы көшбасшыларының бірі - жаңа өнім IQOS электронды жүйе жасап, нарыққа шығарды - ол кәмелетке толған шылым шегушілердің қызығушылығын тудырып отыр. Дәстүрлі темекінің баламасы Алматыдағы арнайы дүкенде сатылады.
Оның құрамы екі бөліктен тұрады - тұтқа мен зарядты құрылы - шылым стиктерімен ғана қолданылады. Оның қаупі мен қыздырғанда бөлінетін зиянды заттарының көлемі 90-95 пайызға төмен. Жапонияда осыдан екі жыл бұрын балам түрге көшкен шылым шегушілер темекі шегуді қойған. Philip Morris компаниясының басшылығы да балама түрге баса назар аударып, дәстүрлі темекі өндіру көлемін азайтуды қолға алып отыр.
"Қазір бұл индустрияның қоғамның талаптарын орындауға мүмкіндігі бар, сонымен қатар бизнесті жақсарту да ескеріледі. Осындай екі мақсатты бірден жүзеге асыру мүмкін болса, тамаша емес пе? Темекі тартатын кәмелетке толған ересек шылым шегушілерді темекінің балама түріне ауыстыру қажет, себебі оның зияны мен тәуекелі төмен", - деді «Филип Моррис Казахстан» ЖШС директоры Айбат Ахметалимов.