Депутаттар салынып жатқан әлеуметтік нысандарды тексерді

Депутаттар салынып жатқан әлеуметтік нысандарды тексерді

Депутаттар салынып жатқан әлеуметтік нысандарды тексерді
ашық дереккөзі
50481
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері өңірлік сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс алаңдарын бақылауды белсенді жалғастыруда деп хабарлады turkystan.kz. Депутаттар Астана қаласындағы №44 орта мектептің жаңадан салынып жатқан 5 қабатты ғимаратына барып, құрылыс қарақыны көріп қайтты.  width= Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза білім ордасының құрылысы тамыз айында аяқталып, биылғы оқу жылында 1050 бала білім алатынын айтты. «Мектеп құрылыстары «AMANAT» партиясы депуттарының жіті бақылауында. Біз құрылыс заттарының спасын, жағдайын тексердік. Мердігер тамыз айында барлығы аяқталатынына уаәде берді. Қыркүйек айында пайдалануға берілсе, мыңнан аса оқушы білім алады деп жоспарлануда. Партиялықтар бір айдан соң қайта келіп тексереді. Қосымша мәселе тудырып отырған құрылысы жанында бос тұрған үй. Иесі жылжымайтын мүлкін не сатпайды, не ештене салмайды. Онда тұратын үй-күйі жоқ, ішімдікке салынған адамдар оқушылардың қауіпсіздігіне кедергі келтіруі мүмкін. Фракция мүшелері осы мәселені қолға алды. Иесімен түсіндіру жұмыстарын жүргізетін боламыз. Бұл жерде я бір ғимарат болу керек немесе мектеп аумағы кеңейтілуі үшін қолданысқа өтуі тиіс», - деді Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза.  width= Халық қалаулысы, бұл мектеп екі тілде оқытылатын жеткізді. «Орналасқан шағын ауданда өзге ұлт өкілдері көп тұратындықтан, бұл мектепте екі тілде оқытылады. Алайда үстемдік қазақ тіліне беріледі. Аумағы ескі ғимаратына қарағанда біршама көбейтілді. Бос жатқан және ағаш өскен жерлерді әкімшілкпен келісіп, аумағын үлкейтіп, футбол алаңшасын жасауға мүмкіндік жасаймыз», - деді ол. Мектеп директорының орынбасары Айжан Кулькеева қазіргі кезде 74 педагог жұмыс істейтінін және кадр тапшылығы қатты білінбейтінін айтты. «Жаңа ғимаратқа жоғарғы буынды көшіріп, бұрынғысына бастауыш сыныптарын қалдырамыз. Ал мұғалімдер орындарында қала бермек. Бізге Малотимофеевка ауылынанда келіп оқитын балалар болғандықтан, тағы 1-2 сынып ашылуы мүмкін. Ондай жағдайда қосымша ұстаздар талап етіледі», - деді ол. Бұдан соң партиялықтар «Железнодорожный» тұрғын алабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына барды. Депутат Дүйсенбай Тұрғынбай мердігермен сөйлесіп, кешенің қазіргі жай-күйін сұрады.  width= Аталмыш нысанның құрылысы салынып бітпей жатқанына 7 жыл болған. Былтыр қаза айында үшінші мердігер қолға алып, биыл 15 шілдеде қолданысқа берілетінін мәлімдеді.  width= «Сыртқы құрылысы 95 пайызға аяқталды. Ішінде әрлеу және сырлау жұмыстары жүріп жатыр. Құрал-жабдықтар әкелінді. Көпфункционалды кешен болады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде баскетбол, волейбол, жаттығу жасау залдары және басқа да іс-шарлар ұйымдастыруға мүмкіндік болады. Аумағына ХҚКО және полция бөлімшесі орналастырылады. Сондай-ақ балаларға ойын алаңшасы да қарастырылды», - дейді бас мердігер компанияның басшысы Әлімжан Қарқынбаев.

Серіктес жаңалықтары