Аманаттықтар Астанадағы газ қазандығының құрылысына барды

Аманаттықтар Астанадағы газ қазандығының құрылысына барды

Аманаттықтар Астанадағы газ қазандығының құрылысына барды
ашық дереккөзі
50309
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Павел Казанцев, Дәулет Мұқаев, Мәди Тәкиев, Дүйсенбай Тұрғанов, Татьяна Савельева және Самат Нұртаза елордадағы «Оңтүстік-Шығыс» аудандық газ қазандықтарының салыну жұмыстарын тексерді деп хабарлады turkystan.kz. «Оңтүстік-шығыс» аудандық газ қазандығы қалалық Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бас мердігер компания – «Казстройподряд» ЖШС. Жобаның құрылысы 2022 жылдың III тоқсанында басталған. 2023 жылдың қарашасында жоба толық пайдаланылуға беріледі. Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановтың айтуынша, қазандықтың қуаты сағатына 350 Гкал.  width=
«Жылу жағынан салыстырмалы түрде салынып жатқан ЖЭО 3-тің қуаты бар болғаны 422 Гкал. Мамандардың айтуынша, қазандықтар 4 млн текшеметр тұрғын үйдің жұмысына арналған. Бұдан басқа, биыл «Тұран» газ қазандығы іске қосылмақ. ЖЭО 3-тің қуатымен есептегенде 1 500 Гкал күзге қарай іске қосылады. Соңғы жылдары қалада болып жатқан жылу тапшылығы жойылады. Тіпті 2-3 жыл бойы профицит болмақ. Бұл құрылыс 1-2 айда іске қосылады. Яғни, бұл қазандықтардың барлығы іске қосылса, қыста тұрғындар жылусыз қалмайды», - деді ол.
«Казстройподряд» ЖШС бас директорының орынбасары Әділхан Әбілдин қазір құрылыс қарқынды жүріп жатқанын жеткізді.
«Қазан айында 190 Гкал жылу беріледі. Бұл жүйе тәуелсіз жүйе, сол себепті қазандықтар дербес түрде жұмыс істей береді. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған соң жылу жүйесін қалаға қосып отырамыз. Сол жағалаудағы аудандарды қамту жоспарланып отыр. Біз Орталық жылу энерго орталығынан келген суды әрі қарай ысытып жібереміз. Біз дәнекерші ретінде жұмыс істейміз. Бұл қазандыққа қосылмайды. Яғни, құбыр дербес жұмыс істейді. Бұл – Германиядан келген жаңа технология. Қазір жұмыстың 40 пайызы орындалды. Қазан айына дейін үлгереміз», - деді Ә.Әбілдин.
Оның айтуынша, бұл жобаға бюджеттен 28 млрд теңге бөлінген.
«Бұл - ішкі жұмыстарға бөлінген қаражат. Сыртқы жұмыстарға құбырлар мен электр жүйесі жатады.  Оған 2 млрд теңге бөлінді. Құрылыс нысанында қазір 120 адам еңбек етіп жатыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін инженерлік жұмыстар басталады», - деді Әділхан Әбілдин.
 width=  width=

Серіктес жаңалықтары