ҚМДБ Данияр Илиевтің үстінен сотқа шағым түсірмек

ҚМДБ Данияр Илиевтің үстінен сотқа шағым түсірмек

ҚМДБ Данияр Илиевтің үстінен сотқа шағым түсірмек
ашық дереккөзі
50380

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Zam-Zam Qazaqstan туристік компаниясының басшысы Данияр Илиевке қатысты мәлімдеме жасады.

Басқарманың хабарлауынша, Данияр Илиев өзінің шариғатқа және заңға қайшы әрекетін мойындамай, мүфтиятқа жала жабумен шектелуде.

«Ол «31 арна» телеарнасының «50/50» ток-шоуының 2023 жылғы 29 маусым күнгі эфиріне берген сұхбатында ешқандай дәлелсіз, сөз жауапкершілігін сезінбей «мүфтият турфирмалардан әр қажы үшін 500 доллар пара алады» деген мазмұнда ауыр жала жабуда. Мүфтият бұл ақпараттың жалған екендігін және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ кодексінің 73-3 «Жала жабу» бабына сәйкес Данияр Илиевтің үстінен сотқа шағым түсіретінін хабарлайды», –делінген ҚМДБ хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Zam-Zam Qazaqstan (Zam Zam store) компаниясы қажылыққа аттанған 380 адамды алдап, жалған виза берді деген хабар шыққан болатын.

Серіктес жаңалықтары