334
Башар Асад өз орнын қашан босататынын айтты
Башар Асад өз орнын қашан босататынын айтты
Сирия президенті Башар Асад өзінің биліктен қашан кететінін айтты деп хабарлайды Muslim.kz.
Шетелдік баспасөз құралдарының біріне берген сұхбатында ол былай дейді: «Егер халықтың сенімін жоғалтқанымды сезер болсам, өз орнымды бірден босатып беруге әзірмін. Сириялықтар менің президент болуымды қаламайтынын айтқан кезде дереу кетемін».
Сондай-ақ, ол халық қолдау білдірмесе, «үлкен мәселе» болатынын да атап өтті. Айта кетейік, Башар Асад бұған дейін егер халық қаласа, өз қызметінен бас тартатынын айтқан болатын.