294
Алматы облысында терроризмге қатысы бар деген күдікпен 15 адам ұсталды
Алматы облысында терроризмге қатысы бар деген күдікпен 15 адам ұсталды
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полициясы 13-24 қаңтар аралығында Алматы қаласы және Алматы облысының аудандарында бірнеше арнайы операция өткізіп, солардың нәтижесінде 15 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
"Терроризмді насихаттау, террористік әрекетке дайындалу, діни алауыздық туғызу және заңсыз қару сақтау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен барлығы 15 адам ұсталлы. Күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайларын тінту барысында 5 граната, халықаралық террористік ұйымдардың белгілері, діни әдебиет пен электрондық материалдар тәркіленді", - делінген арнайы қызмет таратқан ресми ақпаратта.
Арнайы операцияға қатысты басқа да мәліметтер, ұсталған күдіктілердің есімдері жарияланбады.