Солтүстік Корея тоғызыншы зымыранын сынақтан өткізді

Солтүстік Корея тоғызыншы зымыранын сынақтан өткізді

Солтүстік Корея тоғызыншы зымыранын сынақтан өткізді
ашық дереккөзі
252
Солтүстік Корея кезекті баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Бұл туралы оңтүстіккореялық Йонхап ақпарат агенттігі хабарлады. Осы елдің қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, зымыран Пхёнан-Пукто провинциясындағы әуе базасынан ұшырылған. Ракета 500 шақырым қашықтыққа дейін ұшып барып, Жапон теңізіне құлаған. Қазір Пхеньянның жаңа сынағын АҚШ-та зерттеп жатыр. Бұл – осымен тоғызыншы рет сыналып отырған қару. Ал сарапшылар былтыр Солтүстік Корея зымырандарды сынауда белсенділік танытқанын айтады. Олардың ішінде ең сәттісі қыркүйек айында жасалған. Ол кезде зымыран 800 шақырымдай ұшқан. Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың жаңа әкімшілігі Пхеньянға ядролық қару жасауға жол бермейтінін мәлімдеген еді. Алайда америкалық барлау қызметі Пхеньян алдағы 2-3 жылда ядролық оқтұмсықты алып ұшатын зымыранға қол жеткізуі мүмкін деп болжауда.

Серіктес жаңалықтары