Қозы-Көрпеш Жаңбыршин көз жұмды

Қозы-Көрпеш Жаңбыршин көз жұмды

Қозы-Көрпеш Жаңбыршин көз жұмды
ашық дереккөзі
11 ақпаннан 12 ақпанға қараған түні Есеп комитетінің басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин қайтыс болды. Бұл жөнінде Tengrinews.kz хабарлады. Жаңбыршин Қозы-Көрпеш Есімұлы 1960 жылы дүниеге келген. Ақтөбе облысында туған. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын және оның аспирантурасын бітірген. Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Басқару процесінің автоматтандырылған жүйесі ғылыми-зерттеу институтының инженері; Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Ғылым мен техника бөлімінің инженері; Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Басқару және басшылықтың экономикалық әдістемелерін жетілдіру бөлімінің аға ғылыми қызметкері; Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономикалық ғылыми-зерттеулер инситутының аға ғылыми қызметкері; ҚР Экономика жөніндегі мемлекеттік комитеті экономикалық реформалар, нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің экономикалық консультанттар кеңесінің кеңесшісі; ҚР Президентінің экономикалық кеңесшісі, Еуропалық қоғамдастық комиссиясының Қазақстандағы Үйлестіру бюросының ұлттық директоры; ҚР Президенті жанындағы экономикалық консультанттар кеңесі жетекшісінің орынбасары, «ТАСИС» бағдарламасының Қазақстандағы Үйлестіру бюросының директоры; Алматы қаласы экономика жөніндегі комитетінің төрағасы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қыркүйегінен  Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі болды. Қазіргі қызметіне 2014 жылғы 15 қаңтарда елбасы Жарлығымен тағайындалған. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.