Күн-түн: қай уақытта алған жарақат тезірек жазылады?

Күн-түн: қай уақытта алған жарақат тезірек жазылады?

Күн-түн: қай уақытта алған жарақат тезірек жазылады?
ашық дереккөзі
50919
Саусағыңызды кесіп алдыңыз делік. Бұған дейін күннің қай бөлігінде кесіп алғаныңыз маңызды емес деп ойлап келдік. Өйткені ол күндіз болса да, кешке болса да бір уақытта жазылатындай көрінді. Алайда Кембридж университетінің мамандарының зерттеу нәтижелері жараның жазылу жылдамдығы оның тәуліктің қай уақытында болғанына байланысты екенін көрсетеді. Циркадиялық ырғақтар – циклдік түрде, көбінесе күн мен түннің өзгеруіне байланысты болатын әртүрлі биологиялық процестердің ауытқуы. Бұл барлық тірі организмге тән. Ал фибробластар – дәнекер тінінің жасушалары. Олар жаңа тіндердің өсуі үшін ерекше тірек қалыптастырады, сондықтан жараларды емдеуде шешуші рөл атқарады. Ғалымдар зерттеу жүргізгенде адамның фибробластары күндізгі уақытта белсенді болатыны анықталған. Ал көбіне ғылыми эксперименттерге қатысатын тышқандардың фибробластары түнгі уақытта белсенді болатын көрінеді. Белгілі болғандай, күндізгі тін түнгіге қарағанда 2 есе тез қалпына келеді. Алайда тышқандарға жүргізілген тәжірибелер түнде алынған жарақат күндізгіге қарағанда 11 күн ерте қалпына келгенін көрсетті. Осыдан кейін ғалымдар адамдарды зерттеуге кіріседі. Олар жергілікті күйік орталығының пациенттерінің жеке деректерін сұрап, нәтижесінде күндізгі уақытта жарақат алған науқастардың жағдайы орташа есеппен 1,5 есе тез қалпына келгенін анықтады. 20:00-ден 08:00-ге дейін зақымдалған жердің орташа қалпына келу мерзімі 28 күн болса, 08:00-ден 20:00-ге дейін алынған жарақат 17 күнде қалпына келген. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жаңалық микроорганизмдердің тәуліктік ағымын ескере отырып, жарақаттарды емдеуге арналған тиімді препараттарды жасауға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары