Германия заңсыз мигранттарды депортациялауды тездетеді

Германия заңсыз мигранттарды депортациялауды тездетеді

Германия заңсыз мигранттарды депортациялауды тездетеді
ашық дереккөзі
Германия канцлері Ангела Меркель және 16 аймақ басшысы заңсыз мигранттарды депортациялау процесін тездететін болып келісті, деп хабарлады Associated Press.
Меркельдің айтуынша, неміс үкіметі депортацияны үйлестіру ұлттық орталығын, "қайтару орталықтарын" құрады. Бұл орталықта босқындар депортация күніне дейін тұрады. Хабарларға қарағанда, 2016 жылы шамамен 55 мың босқын Германиядан өз еркімен кетті, ал шамамен 25 мың адам күшпен депортацияланды. Өткен жылы Германиядан 280 мың адам баспана сұраған. 2015 жылы 890 мың адам ГФР-ден баспана беруін өтінген.