351
Бразилиядағы берекесіздік 100 адамның өмірін қиды
Бразилиядағы берекесіздік 100 адамның өмірін қиды
Бразилияның Эспириту-Санту штатында 100-ден астам тұрғын қаза тапты деп хабарлайды 24.kz.
Полицейлер өткізген наразылық шеруін өз мүддесіне жаратқандар теріс пиғылын жүзеге асырды. Осылайша, қаскөйлер тұрғындарды тонап, өлтіріп кеткен. Соның кесірінен кәсіпкерлер зардап шегіп, 30 миллион доллар шығынға батты.
Қазір штатта әлеуметтік нысандар жабылып, қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатты. Тәртіп орнату мақсатында аймаққа мыңдаған әскери мен федералды полицей жіберілді. Қос тарап келісімге келу үшін бірнеше кездесу өткізгенімен, әлі еш нәтиже жоқ.
Айта кетейік, наразылық шарасына шыққандар еңбекақыны көтеруді талап етті. Ал, биліктегілер оларды Рио-де-Жанейро полицейлері қолдауы мүмкін деп алаңдап отыр. Бұған себеп те жоқ емес. Өйткені, онда тура бір айдан кейін карнавал өтуі тиіс.